АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттары, мақсаты және міндеттері туралы кеңінен ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті екені ескертілді. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың мемлекеттік қызмет имиджіне ықпалы атап өтіліп, әлеуметтік желілерде жеке парақшаларында жарияланатын фото, бейнематериалдарға ерекше назар аудару қажеттілігі түсіндірілді.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелері мен жалпы моральдық-этикалық нормаларды сақтау мәселелері де көтерілді.

Бұдан бөлек, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары түсіндірілді.

Сондай-ақ, қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта, сенбі, жексенбі демалыс және мереке күндері жеке мақсатта пайдаланбауы тиіс екендігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1202842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді