
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілі Абенов Асқарәлі Амангелдіұлы мемлекеттік қызметті жетілдіру, цифрландыру үдерістері және заманауи басқару тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыру, жаңа талаптар мен реформалардың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға оқыту бағдарламалары, біліктілікті арттыру мүмкіндіктері және мемлекеттік басқарудағы инновациялық тәсілдерді енгізу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1202873?lang=kk

Жауап қалдыру