
Рейдке жергілікті полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігі және еріктілер қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен көшелер тексеріліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижесінде тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға балаларын түнгі уақытта бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1202929?lang=kk

Жауап қалдыру