🔰 «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес сәуір айын «Еңбекті қорғау айлығы» деп жариялауына байланысты, бүгін Департаментте еңбек құқықтарының бұзылуы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, “enbek.kz” порталына штаттық кестені электронды түрде енгізу жүйесін және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар Департаменттің құзырына жататын еңбек заңнамасына қатысты өзге де сұрақтар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шара барысында Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы мен мемлекеттік еңбек инспекторлары Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан келген 17 азаматтарды жеке қабылдап, оның ішінде 5 азамат тарапынан арыз жазылып, өндіріске қабылданды, 12 азаматқа еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме берілді.
🔹 Сондай-ақ, аудан, қалалардағы білім беру мекемелері мен кәсіпорын ұйымдары тарапынан келген қызметкерлерге “enbek.kz” порталына жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде тіркеу тәртібі мен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының жүйелі түрде рәсімделуі бойынша еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме берілді.
🔹 Сонымен қатар, Департамент басшысы өңір тұрғындарының еңбек қатынастары саласына қатысты, оның ішінде жұмысқа орналасу және еңбек даулары, заңсыз бұйрықтың күшін жою заңдылығы, жүргізілген тексеру нәтижесімен келіспеу, жұмыс уақыты, еңбек демалысының берілмеуі, экологиялық төлемдер мен қосымша еңбек ақының төленбеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Ашық есік күні» іс-шарасына келген азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жан-жақты жауап берді.
🔹 Қабылдау ашық диалог форматында өтіп, әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысына ерекше назар аударылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан нақты түсіндірмелер беріліп, кейбір мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді.
🔹 Мұндай іс-шаралар халықпен кері байланысты нығайтып, еңбек саласындағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері алдағы уақытта еңбек қатынастары саласында атқарылатын жұмыс сапасын арттыруға және тиімді шешімдер қабылдауға негіз болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1202983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді