
Ағымдағы жылдың 20–27 наурыз аралығында Түркістан қаласында 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.
Аталған беделді жарыста Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Төлеген Нұрдаулет жоғары деңгейде өнер көрсетіп, республикалық додада өз шеберлігін дәлелдеді.
Тартысты өткен чемпионат қорытындысы бойынша Нұрдаулет жүлделі ІІІ орынға ие болды 🥉
Спортшының жаттықтырушысы — Жуспеков А.Б.
Жеңімпазды және жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың биік, жетістіктерің мол болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1203202?lang=kk

Жауап қалдыру