«Volunteer school – 2026» жобасының үшінші күні экологияға арналды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үшінші күн — жауапкершілікті әрекетке айналдырған күн болды.

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өтіп жатқан «Volunteer school – 2026» облыстық жобасы бұл жолы экологиялық бағытқа бет бұрды.

Күн «Таза Қазақстан» тақырыбында басталып, қатысушылар экологиялық волонтерліктің маңызын тек сөз жүзінде емес, нақты мысалдар арқылы түсінді. Спикерлер облыстық «Жасыл ел» штабының менеджері Дүйсенбаев Иса-Бек Абайұлы және Экология жанашыры, «Дыши Актобе» қозғалысының жетекшісі Лазарчук Евгений Геннадьевич экобастамалардың қалай іске асатынын, қоғамға әсерін және жастардың рөлін нақты кейстермен көрсетті.

Теория практикалық бөліммен жалғасты. Қатысушылар сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына белсенді қатысты. Бұл — экология тақырыбының тек идея емес, нақты әрекет екенін дәлелдеген кезең болды.

Үшінші күннің басты мәні — қарапайым әрекеттің үлкен мәдениетке айналуы. Жоба алдағы уақытта да осындай нақты істер арқылы жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1203231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді