📢 ШЕТЕЛДІК ҚЫЗМЕТКЕРДІ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУҒА БОЛАДЫ?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шетел азаматын жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау – әрбір жұмыс берушінің міндеті. Төмендегі негізгі қадамдарды назарға алыңыз 👇

🔹 1. Құжаттарды мұқият тексеру
Жұмысқа қабылдамас бұрын қызметкердің барлық қажетті құжаттарының бар екеніне көз жеткізіңіз:
– Жұмыс істеуге рұқсаты
– Тиісті визасы (егер талап етілсе)
– Жеке басын куәландыратын құжаттар

🔹 2. Еңбек шартын рәсімдеу
Қызметкермен міндетті түрде жазбаша түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. Шартта мыналар нақты көрсетілуі керек:
– Лауазымы
– Еңбекақы мөлшері
– Жұмыс кестесі мен шарттары

🔹 3. Enbek.kz жүйесінде тіркеу (ЕШБЖ)
Еңбек шартына қол қойылғаннан кейін оны міндетті түрде Enbek.kz жүйесінде тіркеу қажет. Бұл – заң талабы.

⚠️ Маңызды ескерту:
Еңбек шартын тіркемеген жағдайда жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады және айыппұл салынуы мүмкін.

✅ Заң талаптарын сақтаңыз
✅ Компания беделін қорғаңыз
✅ Қызметкерлермен жұмысты дұрыс ұйымдастырыңыз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1203346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді