
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Қамысқала ауылдық округінде тарихи-танымдық бағыттағы іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, «Тарихи мұра – қылқаламмен» атты сурет байқауы және «Ескерткіштер – ел тарихының куәсі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және туған жер тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сурет байқауы барысында қатысушылар ескерткіштер мен тарихи орындарды қылқалам арқылы бейнелеп, өздерінің ерекше шығармашылық көзқарастарын танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар марапатталды.
Ал танымдық сағат барысында ауыл аумағындағы ескерткіштердің тарихына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ел тыныштығы мен бейбіт өмірді қорғау жолында Қамысқала ауылынан майданға аттанып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш туралы кеңінен мәлімет берілді. Аталған ескерткіш 1977 жылы Алакөл балық комбинатының кезінде салынған.
Іс-шараға қатысушылар батырлардың ерлігіне тағзым етіп, өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.
Осындай тағылымды шаралар жастардың рухани-танымдық деңгейін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1203539?lang=kk

Жауап қалдыру