Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шекара маңындағы елді мекендерде профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпті кезеңнің алдын алу, құраған шөпті өртеуге жол бермеу, сондай-ақ алдағы шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар азаматтардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары еске салынды.
Жауап қалдыру