Ақтауда жылы жағажайға апарар жол бойынан 30 тонна қоқыс шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Коммуналдық сала қызметкерлері бұл жолы жылы жағажайға апаратын орталық жол бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиналған тұрмыстық қалдықтар мен қураған шөптерді тазартты.

Аталған жұмыстарға 80-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, 5 арнайы техника тартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 тонна қоқыс шығарылып, аумақтың санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Тазалық және көріктендіру бағытындағы мұндай жұмыстар бекітілген күнделікті кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізілетін болады. Бұл шаралар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қаламыздың тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Табиғатты аялауға және қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз!

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1203623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді