
Шардара ауданының тұрғындары өздеріне қатысты бірқатар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтерді:
Шардара қаласы, Құршан көшесі №25 үй тұрғыны, зейнеткер Ажигабылова Карлығаш – материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша; Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылдық округі, Нұршаев көшесінің тұрғыны Серікбаева Мейрамгүл – жұмысқа орналасу мәселесі бойынша; Шардара қаласы, Ынтымақ көшесі №41/1 үй тұрғыны Нұржанов Сайлау – жер мәселесі, айыппұл және жолға жолақ сызу мәселелері бойынша; Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округі, Құйған елді мекенінің (нөмірсіз үй) тұрғыны Рзабеков Айтбай – жайылым жер алу мәселесі бойынша, Шардара ауданы тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді:
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне азаматшаның тұрмыстық жағдайын зерделеп, заң талаптарына сәйкес материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру; енгізу, жұмыспен қамту орталығына тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарын ұсыну;
Қайта даярлау немесе қысқа мерзімді оқу курстарына жолдау мүмкіндігін қарастыру; Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шараларына тарту.
Жер қатынастары бөліміне жер мәселесінің заңдылығын тексеріп, нақты шешім қабылдау; тиісті органға айыппұлдың заңдылығын қарастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Тұрғын үй маңындағы жолға жолақ сызу бойынша жауапты мекемеге тапсырма беру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жер қатынастары бөліміне жайылым жер беру мүмкіндігін қарастыру, бос жер учаскелерін анықтап, заң аясында рәсімдеу жұмыстарын жүргізу, азаматқа қолданыстағы тәртіп бойынша толық түсіндірме беру, аталған тапсырмалар бойынша жауапты мекемелерге белгіленген мерзімде нақты нәтижеге қол жеткізу міндеттелді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1203622?lang=kk

Жауап қалдыру