Астанада құрылыс жобаларындағы инженерлік желілер мен жүйелер бойынша сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1617 сәуір күндері «Мемсараптама» РМК Орталық аппаратының базасында құрылыс жобаларындағы инженерлік желілер мен жүйелер мәселелеріне арналған сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.

Ісшараның мақсаты қолданыстағы нормативтік талаптарды қолданудың практикалық мәселелерін қарастыру, Қазақстан Республикасындағы инженерлік бөлімдер (желілер мен жүйелер) саласындағы өзекті проблемаларды талқылау, сондайақ тәжірибе алмасу және келесі бағыттар бойынша жобалық құжаттаманы сараптау сапасын арттыру болды: жылыту және желдету, сумен жабдықтау және кәріз, жылумеханикалық шешімдер, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау.

Дөңгелек үстелдің ашылуында «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Жандос Ботенбаев құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгінде инженерлік бөлімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету аса маңызды, себебі бұл нысандардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне тікелей әсер етеді. Мұндай кездесулер тиімді шешімдерді әзірлеуге және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал етеді», — деп атап өтті Жандос Ботенбаев.

Ісшараға ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілдері, «АстанаТеплотранзит» АҚ өкілдері, сондайақ «Мемсараптама» РМК Орталық аппараты мен филиалдарының сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау және сараптау бойынша негізгі мәселелерді талқылап, нормативтік базаны жетілдіруге және жобалық шешімдердің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.

Сонымен қатар, ісшара аясында қатысушылар «TAZAU» тазарту құрылыстары зауытының өндірістік алаңына барып, ағынды суларды тазарту саласындағы технологиялық процестермен және заманауи шешімдермен танысты.

Осындай ісшараларды өткізу құрылыс саласындағы кәсіби диалогты дамытуға және сараптамалық қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1203791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді