
Президент былтыр Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып, салаға жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет деп тапсырма берді.
Ақтөбеде туризм нысандарындағы инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – «Қасқыр сарқырамасына» жол.
Жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын жолдың құрылысына «ШымкентДорСтрой» ЖШС былтыр кірісті. Мердігерлер 2026 жылы жұмыстарды толық аяқтауға уәде беріп отыр.
Бүгінде туристік нысанға апаратын жолдың топырағы үйіліп, су өткізгіш құбырлар салынып жатыр. Қиыршық тастары жеткізілген, басқа да материалдары жеткілікті.
Жоба – өңір басшысының қадағалауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1203803?lang=kk

Жауап қалдыру