
Көркем гимнастикадан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева бірінші мәрте қатысып, таспа сайысында үздік үштікке енді.
🥇🇩🇪Дарья Варфоломеева (Париж Олимпиадасының чемпионы) – 28.800 ұпай
🥈🇮🇹София Раффаэли (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 28.500
🥉🇰🇿Ақмарал Ерекешева – 27.000
Отандасымыз жарыс жолында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина), Стилияна Николова (Болгария) сынды мықтылардан озды.
Сондай-ақ отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша, ТОП-10-ға да кірген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін әлем Кубогында 2023 жылы Эльжана Таниева ұршық жаттығуында қола жүлде алған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1203873?lang=kk

Жауап қалдыру