
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден сапы сайысы бойынга Гран-при турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аталған бәсекеде қазақстандық Ерлік Сертай ерлер арасындағы жарыстың финалына дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Топтық кезеңде отандасымыз 6 кездесудің 6-ында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне өтті. Кейін тағы 5 жекпе-жекте басым түсті, алайда шешуші кездесуде Мажарстан өкілі, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының командалық сапы бойынша чемпионы Давид Надьға есе жіберді.
Жекелей кездесулер нәтижесі:
1/32 финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Нам Ён Хо 🇰🇷 – 15:6
1/16 финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Левенте Бута 🇭🇺 – 13:12
1/8 финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Гергелий Шиклоши 🇭🇺 (Олимпиада чемпионы) – 15:12
Ширек финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Якуб Юрка 🇨🇿 (Олимпиада жүлдегері) – 15:9
Жартылай финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Йан Хаури 🇨🇭 – 15:12
Финал
🇰🇿 Ерлік Сертай – Давид Надь 🇭🇺 – 12:15
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1203909?lang=kk

Жауап қалдыру