
Әріптесіміз, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Серікбаева Жұлдыз Оралбекқызының туған сіңлісі Айым Серікбаева ел мерейін асқақтатты.
Ол Ташкент қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (–44 кг) алтын медаль жеңіп алып, финалда Понсе Нуньес Дара Ширли-ді 2:1 есебімен жеңді.
Бұл – Қазақстан үшін соңғы 20 жылдағы тарихи жеңіс. Айым барлық жекпе-жегін сәтті өткізіп, «Үздік спортшы» атанды.
Бұл жетістік – ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty/press/news/details/1203934?lang=kk

Жауап қалдыру