Конституциялық Сот дауларды қайта қарауға жол бермеу туралы нормалар құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық Сотқа Азаматтық процестік кодекстің 277-бабы 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтінішке төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы іс негіз болды. Бастапқыда өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, себебі өтініш беруші жүгінген кезде жеке кәсіпкер болған және тиісті рәсімдердің қолданылу аясына кірмеген. Жеке кәсіпкер ретінде қызметін тоқтатқаннан кейін ол сотқа ұқсас өтінішпен қайта жүгінген, алайда іс бұрын қаралғанына байланысты іс жүргізу тоқтатылған.

Өтініш иесінің пікірінше, жеке кәсіпкер мәртебесінің тоқтатылуы дауланып отырған норманы қолдануды жоққа шығаратын жаңа мән-жай болып табылады.

Конституциялық Сот Азаматтық процестік кодекстің 277-бабы 2) тармақшасы дауларды қайта қараудың алдын алуға және сот актілерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Норма мәлімделген талаптардың сипаты мен олардың негізіне алынған мән-жайларды ескере отырып қолдануды көздейді.

Конституциялық Сот өтініштің дәлелдері құқықтардың ықтимал бұзылуын нақты жағдайда өтініштердің теңдестігі қалай айқындалғанымен байланыстыратынын көрсетті, ал норманың өзі айқынсыздықты қамтымайды және оны тұлғаның құқықтық мәртебесіндегі өзгерістерді ескере отырып қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1204028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді