
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округінің аумағында жас көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұл – туған жердің табиғатын аялауға бағытталған игі іс әрі ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Аталған шараға Қапал орман шаруашылығының ұжымы, сондай-ақ Ғ. Орманов атындағы орта мектептің қызметкерлері мен оқушылары белсене қатысты. Бірлескен еңбектің арқасында туған өлкеміздің табиғаты көркейіп, ауылымыздың ажары одан әрі арта түсті.
Әрбір отырғызылған көшет – жай ғана ағаш емес. Ол – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың және келешекке деген сенімнің белгісі. Бүгін егілген ағаш ертең ұрпағымызға сая болып, таза ауа сыйлап, табиғатқа деген қамқорлықтың мәңгілік нышанына айналады.
Бұл шараға жас ұрпақтың қатысуы ерекше мәнге ие. Осындай тәрбиелік мәні зор игі істер арқылы оқушылардың бойында табиғатты қорғауға деген жауапкершілік, туған жерге деген құрмет және ел болашағына деген жанашырлық қалыптасады.
Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет. Бүгін отырғызылған әрбір көшет Қапалдың жасыл келешегіне айналсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1204021?lang=kk

Жауап қалдыру