«Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі. Тарих сабағындағы құндылыққа негізделген білім» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 сәуіріндегіШҚО ББ  Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сауыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі. Тарих сабағындағы құндылыққа негізделген білім» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына ШҚО аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні  мұғалімдері мен жауапты  әдіскерлер қатысты.

Мақсаты: «Адал азамат – Тәуелсіз ел тірегі қағидасын негізге ала отырып, тарих сабақтарында құндылыққа бағдарланған білім беруді жетілдіру, оқушылардың отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе алмасу арқылы дамыту. Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған ұтымды әдістермен тәжірибе алмасу.

Семинар оқушылардың қатысуымен «Өлкем-тұнған шежіре» аты тарихи көрініспен ашылды. Көріністі шебер ойнай отырып, оқушылар туған жердің жай ғана мекен емес, ол – тарих, тағдыр, рухани мұра екенін ұғынды, семинарға қатысушыларға- Зайсан өлкесінің әр тасы мен жерінің өзіндік тарихы бар екені туралы ой тасталды.

Практикалық бөлім аясында:

– Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші  Т.Раисова «Туған өлке тағылымы» атты – шығармашылық топтың мақсаты,міндеті,жұмыс бағытымен таныстырды.Өлкетану бағыты бойынша оқушылардың жобалық жұмыстары көрсетіліп, Зайсан өлкесінің өткені мен бүгініне шолу жасалды.

-Жамбыл атындағы негізгі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы М.Демесинованың жетекшілігімен «Зайсан ауданының демографиясы, халықтың жас ерекшеліктері» атты оқушының зерттеу жұмысы таныстырылды.

-Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, аудандық тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі С.Шакенова «Мұғалімдер шеберлігін арттыруда қауымдастықтың рөлі» тақырыбында  қауымдастықтың мақсаты,міндеті, тыныс-тіршілігі баяндалып, мұғалімдердің шеберлігін арттыру жолындағы жұмыстар ұсынылып, тәжірибесімен бөлісті.

-М.Әуезов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,педагог-модератор Қ.Ермекова Дүниежүзі тарихы 9 сынып бойынша: «Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ құрылымы толық сақтала отырып, топтық, жұптық,жеке тапсырмалар орындалып, оқушылардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің  маңыздылығы дәріптелді. Сабақтың әр кезеңдерінде,бағалауда  ЖИ платформалары ұтымды пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырды, сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

-М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор А.Байбусинова Қазақстан тарихы 8 сыныбы бойынша: «Участие казахстанцев в сражениях Великой Отечественной войны» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында сол кезеңнің атмосферасын сезінуге, сабақ мақсатына жетуге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, жасанды интеллект платформаларын орнымен пайдалану арқылы оқушылар ынталандырылып отырды.

– М.Дауленов атындағы мектеп-интеранатының тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Г.Бақытхан«Қазақстан тарихы пәнінен 10-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» жәнеСарытерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер М.Мейрбаев«Тарихи карта» атты авторлық жұмыстарын ұсынып, семинарға қатысушыларға практикалық тұрғыда шеберлік сыныбын көрсетті. Авторлық жұмыстарды сабақта пайдалану- оқу сапасын арттыруда өте тиімді екені аталып, жоғары баға берілді.

Мұжықсу негізгі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы А.ҚайрқановажәнеМукарама атындағы мектеп-балабақша кешенінің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы М.Еркебұланов«Тарихи guiz»ойынын көрсете отырып, оқушылардың білімділік дағдылары, ойлау қабілеті, танымдық қызығушылығы, бәсекелестік және мотивация, жылдамдық пен зейінін дамытуға ықпалын дәлелдеп, практикалық тұрғыда тәжірибелерімен бөлісті.

-Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы К.Ыдырышова және М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор А.Мұратханова оқушыларда тарихи сананы қалыптастыруда, сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруда музеймен жұмыстың тиімділігін көрсету мақсатында- «Музей-ұлттық жады» бөлімі бойынша «Оқушы зерттеуі арқылы мұражай құндылықтарын таныту» атты жұмыстарымен бөлісті.

-Б.Момышұлының 115 жылдығы ескеріліп, «Халық қаһарманы Б.Момышұлы:әскери тарих және тарихи жады сабақтастығы» атты педагогтер кейсі жұмысы көрсетілді. Мақсаты: Б.Момышұлы тұлғасының әскери тарихтағы орнын, ерлік жолын және оның тарихи жадыдағы маңызын зерделеу арқылы ұлттық батырлық дәстүрі мен тарихи сабақтастығын ашу, сондай-ақ жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру. Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Боранбаева «Бауыржан Момышұлы – әскери стратег және халық қаһарманы», «Кеңсай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор М.Жиенбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Болат, Сарытерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.Алдажарова «Ұрпақ сабақтастығы: Б.Момышұлы өнегесінің тәрбиелік мәні», М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі педагог-зерттеуші А.Ислямова «Өсиетке айналған өнеге» Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ерлік пен елдік рух» тақырыптарында жұмыстар көрсетіліп,пікір алмасып, талқыланды.

Семинар барысында: тарих сабақтарында құндылыққа бағдарланған білім беруді жетілдіруге,оқушылардың отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу толыққанды жүрді. Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған ұтымды әдістер ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1204020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді