ICAO GISS-2026 аясында Үндістанмен әуе қатынасын дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марракеш қаласында (Марокко) ИКАО-ның енгізуді қолдау жөніндегі жаһандық симпозиумы (GISS-2026) шеңберінде ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Үндістанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы (ИКАО) Тұрақты өкілі Ангшумали Растогимен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов те қатысты.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ерекше назар аударды.

Салтанат Томпиева Қазақстан мен Үндістан арасындағы қолданыстағы шарттық-құқықтық база әуе қатынасын дамыту үшін берік негіз болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында Air Astana әуе компаниясы келесі бағыттар бойынша рейстер орындайды:
Алматы – Дели: аптасына 13 рейс, Алматы – Мумбаи: аптасына 3 рейс.

Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларының Үндістан бағыты бойынша жаңа әуе бағыттарын ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруға ниетті екені атап өтілді.

«Қазақстандық әуе компаниялары ұшу географиясын кеңейтуге, соның ішінде жаңа бағыттарды ашуға және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыруға дайын. Әуе қатынасының кеңеюі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастыққа қосымша серпін беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты көлік байланыстарын дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.

 

Анықтама

          Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге 1993 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған. Қазақстан мен Үндістанның авиациялық билік орындары арасындағы 2015 жылғы 19 қазандағы қолданыстағы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 21-ге дейін тұрақты рейс орындай алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1204058?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді