ТҮРКІСТАНДА «ULYLARDYN OTANY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 16-22 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өтетін «ULYLARDYN OTANY» халықаралық суретшілер симпозиумына байланысты баспасөз конференциясы өткізілді.
 
Іс-шара барысында симпозиумның негізгі мақсаты – Оңтүстік өңірі мен Түркістан облысынан шыққан тарихи тұлғалардың рухани және тарихи бейнелерін кенеп бетінде жаңғырту, олардың мұрасын кеңінен насихаттау екені атап өтілді.
 
Баспасөз конференциясына Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қонысбеков Әділ Нұржанұлы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, облыстық Бейнелеу өнері музейінің директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, шығармашылық топтың жетекшісі Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы бағдарламасымен таныстырды.
 
Аталған халықаралық симпозиумға 7 елден 26 қылқалам шебері қатысып, 100-ге жуық туынды жазу жоспарланған. Іс-шара қорытындысы бойынша суретшілердің шығармаларынан көрме ұйымдастырылып, қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді.
 
Айта кетейік, 21 сәуір күні «Керуен-сарай» туристік кешенінде симпозиум қорытындысы бойынша қылқалам шеберлерінің бірегей туындыларынан көрме ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1204124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді