Еуразия кубогы: елордалық бүлдіршіндер Түркияда айтулы жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық балабақшаның бүлдіршіндері Түркиядағы Еуразия кубогы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Түркияның Тоқат қаласында тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық Еуразия кубогы турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі додаға Қазақстан, Мысыр, Сирия, Түркия және Чехия елдерінен 40-қа жуық спортшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында Тоқат қаласының әкімі Мехмет Языжыоғлу түркі халықтарының төл зияткерлік ойындарының маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қала депутаты Кадим Дурмаз өз сөзінде бұл ойындардың елдер арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Биылғы жарыстың басты ерекшелігі – тоғызқұмалақ аясында 5 жасар бүлдіршіндер арасында алғаш рет бестемше және мангала бойынша этноолимпиаданың ұйымдастырылуы. Аталған сында елордалық балабақшалардың тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Атап айтқанда, бестемше ойыны бойынша ұлдар арасында №37 «Арман» балабақшасының тәрбиеленушісі Арнұр Серікбай І орынды иеленді. Қыздар арасындағы бәсекеде №69 «Еркемай» балабақшасының тәрбиеленушісі Айлин Қали І орынға лайық деп танылды.

Сондай-ақ №66 «Толағай» балабақшасынан Бексұлтан Сапарғали мен №67 «Шұғыла» балабақшасынан Мансұр Әлібаев ІІІ орынды еншілеп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1204175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді