Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. Ел өңірлерімен қатар елордада да арнайы мониторингтік топтар жұмысын бастады. Олардың негізгі міндеті – әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мониторингтік топ құрамына сауда департаменті, әкімдік, мемлекеттік кірістер органдары және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері енген.

Азық-түлік бағасын қаладағы ірі сауда нысандарында комиссиямен бірге Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев тексерді.

Негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу және тиімсіз делдалдық схемаларды анықтау.

«Бүгін өңірлік комиссия мүшелерімен бірге қаланың ірі базарларын аралап шықтық. Негізгі міндет – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізу және делдалдық схемаларды анықтау. Қазіргі таңда түсіндіру жұмысы жүргізіліп, ет өнімдеріне – сиыр, жылқы және қой етіне баға бақылауы қойылды», – деді Мақсат Жанабаев.

Мұндай тексерістер тұрақты түрде жүргізіліп, астаналықтар үшін азық-түлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1204211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді