
Тараз қаласындағы ҚР ҰҚК Жамбыл облысы департаментінің әкімшілік ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өтті. Аңыз бойынша, ғимараттың 2-қабатындағы кабинеттердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, жалын 50 шаршы метр аумақты қамтыған. Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 35 адам жеке құрам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары барысында ғимараттың 3-қабатының терезесі арқылы автосаты көмегімен 1 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар, 2-қабаттан газ-түтіннен қорғау буыны арқылы 2 адам құтқарылып, олар Апаттық медицина орталығы қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету үшін табысталды. Сондай-ақ, тағы 1 адам 2-қабаттың терезесінен құтқару батуты арқылы секіріп, аман-есен құтқарылды. Аталған жаттығу төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, күш пен құралдардың үйлесімді жұмысын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1204209?lang=kk

Жауап қалдыру