
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Білім беру» бағыты бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы басталды.
Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 33 педагог «Жалпы білім беру пәндері» және «Арнайы пәндер» бағыттары бойынша өзара бәсекеге түсіп, кәсіби біліктіліктері мен тәжірибелерін көрсетті.
Екі күнге жоспарланған байқау аясында қатысушылар «Мен және қоғам» тақырыбында бейнеролик әзірлеп, әдістемелік жобаларын қорғап, «Мультимедиялық технологиялар» модулі бойынша тапсырмаларды орындады.
Байқау колледж педагогтерінің заманауи білім беру талаптарына сай әдістемелік, цифрлық және коммуникативтік дағдыларын кешенді бағалауға мүмкіндік берді. Ал, сарапшылар алқасы қатысушылардың кәсіби шеберлігін жан-жақты бағалап, үздіктерді анықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1204216?lang=kk

Жауап қалдыру