Жедел кеңес: әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жедел кеңес барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуының бірқатар негізгі мәселелері қаралды.

Қоныс аудару жоспарын орындау мәселесі бойынша есепті кезеңде негізгі іс-шараларды іске асыру қамтамасыз етілгені атап өтілді. Сонымен қатар, жауапты құрылымдық бөлімшелерге кестелердің сақталуын бақылауды күшейту және Жоспарды орындау бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Негізгі капиталға инвестициялар тарту жөніндегі жоспардың орындалуын талқылау шеңберінде 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары шығарылды. Бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру және әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыру есебінен оң динамика атап өтілді.

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша 2026 жылдың қаңтар – наурыз айларында экономиканың негізгі салаларында тұрақты көрсеткіштер тіркелді. Өнеркәсіптік өндірістің жекелеген түрлері бойынша өсім, сондай-ақ қызметтер саласындағы оң динамика атап өтілді. Сонымен бірге экономиканы әртараптандыру және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігі белгіленді.

Жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалу барысына ерекше назар аударылды. Бірінші тоқсанның соңындағы жағдай бойынша кірістердің жоспарланған көлемде түсуі қамтамасыз етілді, шығыстар бекітілген лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте салықтық және салықтық емес түсімдердің жиналуын арттыру, сондай-ақ бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар тұжырымдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/1204278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді