
10 сәуірде аудандық мәдениет үйінде 2026 жылы Айыртау ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және саланы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған семинар-конференция өтті.
Іс-шара аясында аграрлық сектордың жетістіктері мен мүмкіндіктері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.
Осыдан кейін аудан әкімі М.Ж. Меңдібаевтың төрағалығымен аграршылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, ауылдық округ әкімдерімен және конференцияға шақырылған қатысушылармен кеңес өтті.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары А. С. Бакеев, агро және қаржы компанияларының өкілдері баяндама жасады. Алдағы маусымда фермерлердің алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ оларды тиімді шешу жолдары қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1204295?lang=kk

Жауап қалдыру