Ұлытау облысында прокурорлар инвестициялық агрожобаның тоқтап қалуын болдырмады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының прокуратурасы Инвестицияларды қорғау комитетімен бірлесіп, «KENGIR AGRO» АӨК инвесторының құқықтарын қорғады.

Құны 610 млн теңгені құрайтын инвестициялық жоба 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын және заманауи суару жүйесін қамтитын агроөнеркәсіптік кешен салуды көздейді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Уәкілетті орган инвестордың жер учаскесін карантиндік аймаққа енгізуді жоспарлағаны анықталды.

Егіс науқанының басталуын ескере отырып, мұндай шешім кәсіпорынның жұмысын іс жүзінде тоқтатып, жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы уәкілетті органға карантиндік аймақ шекараларын қайта қарау қажеттігі туралы хат жолдады.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде инвестордың жер учаскесі шектеу қойылған тізімнен шығарылды.

Қазіргі таңда барлық кедергілер жойылып, агроөнеркәсіптік жобаны іске асыру қалыпты режимде жалғасуда.

Ұлытау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (775) 873-66-36 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1204395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді