
Нұраталды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жылдық 2,5% жеңілдетілген несие алу шарттары түсіндірілді.
Кездесуге «Ауыл аманаты» бағдарламасының Қарағанды облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Эльмира Сардарбекқызы Сағындықова қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, бағдарлама мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1204659?lang=kk

Жауап қалдыру