
4-сынып оқушыларына арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық олимпиада қорытындысы бойынша Успен ауданының оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Байқауда білімдері мен дайындықтарының жоғары деңгейін көрсеткен жас зияткерлер аудан мерейін асқақтатты.
🥈 Нұрболатқызы Арайлым — Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы. Жетекшісі: Әлиева А.К. Оқушы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
🥈 Арыстанбек Бақжан — Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы. Облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері атанды.
Жас білімпаздарды және олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы табыстарыңыз артып, алар асуларыңыз биік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1204730?lang=kk

Жауап қалдыру