
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің 3-ші Халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Қытайдың Сиань қаласында өткен кеңестің негізгі тақырыбы – тау-кен саласындағы қауіпсіздік тәуекелдерін бақылау және алдын алу. Жиынға ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Бектөре Нұрышев қатысып, Қазақстанның шахталарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.
Халықаралық мінберде сарапшы отандық тау-кен өндірісін жаңғырту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің келесідей өзекті бағыттарына тоқталды: – Шахталарға жүргізілген ауқымды ревизия
– Қатаң бақылау және заңнамалық серпін
– Басқару жүйесіндегі реформа
– Цифрлық трансформация
– Құтқару қызметтерінің әлеуетін арттыру
Бектөре Нұрышев Қазақстанның апаттарға әрекет етуден олардың алдын алу моделіне көшкенін және басты басымдық адам өмірін сақтау екенін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1204799?lang=kk

Жауап қалдыру