Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 13 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸 2026 жылдың 17 сәуір күні «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің 13 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Ақылбек Шаяхмет — Қазақстан мәдениетіндегі айтулы тұлға. Ол:
* Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
* ҚР мәдениет қайраткері және Қазақстанның құрметті журналисі;
* Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін Халықаралық Махмұт Қашқари атындағы сыйлықтың лауреаты;
* Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
* Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері;
* Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының құрметті азаматы;
* Белгілі ақын, жазушы және драматург.
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері тұсаукесерге қатысты.
Іс-шара барысында автордың көпжылдық шығармашылық жолы мен бай әдеби мұрасы егжей-тегжейлі таныстырылды. Тұсаукесерге қатысқан жазушылар мен әдебиеттанушылар Ақылбек Қожаұлының қазақ әдебиеті мен қоғамның рухани өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, оның шығармаларындағы ой тереңдігі мен көркемдік ерекшеліктерін ерекше атап өтті.
Тұсаукесер кеші мазмұнды пікір алмасуға ұласып, өңірдегі көрнекті қаламгер-жерлестердің шығармашылығын дәріптеуге бағытталған маңызды рухани кездесу болды. Сондай-ақ жазушылардың авторлық еңбегін қорғау отандық әдебиеттің одан әрі өркендеуі мен құқықтық мемлекетті қалыптастырудың кепілі екендігі атап өтілді.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1204997?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді