
17–18 сәуір күндері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауылымызда «Таза аула» сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Таңғы сағат 09:00-ден бастап ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді түрде қатысып, ауламызды тазалауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер мен аулалар тазартылып, қоқыстар жиналып, ауылымыздың көркі айтарлықтай жақсарды. Бұл – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Осындай игі іске атсалысқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз! Бірлігіміз жарасқан жерде – тазалық пен тәртіп әрдайым сақталады.
Бірге – таза ауыл, жарқын болашақ! 💚
#ТазаҚазақстан #ТазаАула #Сенбілік #Босаға #ТазаАуыл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-bosaga/press/news/details/1205174?lang=kk

Жауап қалдыру