
2026 жылдың 4 сәуір Аягөз ауданы білім бөлімінің басшылығымен «С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ де «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында психологиялық қолдауға арналаған поственциялық жұмыс жүргізілді.
Іс-шараға: Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинет әдіскері А.Амреева, мектеп директоры О.Кудайбергенов, 10-11 сынып оқушылары, 10 сынып оқушыларының ата -аналары, 10 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.
«Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында психологиялық қолдауға арналған поственциялық жұмысты «А.Көшкімбаева атындағы ЖОББМ» КММ-нің педагог психологы Ш. Баймагулова, «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог психологы Р.Смаилов, «К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп –гимназия» КММ -нің педагог психологы А.Жумадилова, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің педагог психологы Н.Бағдатова, «№11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог психологы Ә.Айтбекова, «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-нің педагог психологы Қ.Шарипова, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ-нің педагог психологы А.Ықласқожина, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологы Г.Медиева жүргізді.
Психологиялық қолдау іс-шарасында ата-аналармен баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына және отбасылық қарым- қатынас орнату, ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, отбасы ынтымағы мен берекесін сақтауға бағытталған тренингтер жүргізіліп, жағымды көңіл-күйі тудырып, жадынамалар таратылды. Оқушылармен психологиялық тұрақтылығын сақтау, эмоцияларын реттеу, конфликтіні шешу дағдыларын дамыту және көтерінкі көңіл – күй эмоциясын жандандыру мақсатында тренингтер, практикалық жұмыстар жүргізілді. Ұстаздарға кәсіби қолдау, эмоционалды тұрғыда өзін-өзі реттеу, оқушылармен дұрыс жұмыс істеу стратегиялары бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1205165?lang=kk

Жауап қалдыру