ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын негізге алған Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі жеке тыңдалып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Ашық әрі мазмұнды өткен кездесуде азаматтар негізінен әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне қатысты түйткілдер мен жер құжаттарын рәсімдеу жайын көтерді.
 
↪️Қабылдауға келген ҰОС ардагерлеріне теңестірілген қариялар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы сауалдарын жолдаса, тұрғын үй кезегіне байланысты туындаған түсінбеушіліктерді сала мамандары жан-жақты саралап, нақты жауаптар ұсынды. Сонымен қатар коммуналдық пәтерлерді жекешелендіру мәселесі де кеңінен сөз болды.
 
✅Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір көтерілген мәселенің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, олардың барлығы заң талаптарына сәйкес шешімін табатынын жеткізді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1205192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді