«TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында өңірлік семинар-форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында өңірлік семинар-форум өтті

2026 жылғы 21 сәуірде Қонаев қаласында «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты өңірлік семинар-форумға облыстық СЭБД және оның Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандық, Алатау және Қонаев қалалық басқармалары басшылары қатысты.

Семинар-форумда Алматы облысының әкімідігі, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық мәслихаты, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы облысы Полиция департаменті, пәтерлер меншік иелерімен бірлесіп үйлерді басқаруға қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Семинар-форум құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстаумен, партия қатарына қабылдау рәсімімен және халықты қабылдаумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1205277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді