RES-2026 аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен IPCC арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ ұлттық және өңірлік климаттық саясатты қалыптастыруда топтың ғылыми негізделген бағалаулары мен әдіснамалық ұсынымдарының түйінді рөлін атап өтті. IPCC (AR7) жетінші бағалау циклін дайындауға және Орталық Азия елдерінің сараптамалық процестерге қатысуын кеңейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер барысында деректер алмасуды және әдіснамалық тәсілдерді нығайтуды, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын ұлттық түгендеудің салыстырмалылығын арттыруды қоса алғанда, өңірлік ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде Орталық Азия елдерінің ғылыми және әдіснамалық әлеуетін дамытуға бағытталған өңірлік сараптамалық тетіктерді құру арқылы өзара мүдделілік расталды. Тараптар сондай-ақ сындарлы диалогты жалғастыруға және климаттық саясаттың сапасын арттыру саласындағы практикалық бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205316?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді