Батыс Қазақстан облысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 29 қараша сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Атамекен өнер ордасы» ғимаратында (5-ші шағын аудан, 12/2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.
Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (771) 127-85-66 телефондар бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889890


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді