
Шомылу маусымына дайындық бойынша іс-шаралар аясында Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен әкімдікпен бірлесіп шомылу маусымы кезеңінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Осы бағытта шомылуға тыйым салынған қауіпті аумақтарға 15 дана ескертпе тақтайшалары орнатылып, арнайы даярланған трафарет арқылы бояу шашу әдісімен қосымша қауіпсіздік белгілері қойылды. Әрбір орнатылған белгі — адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды алдын алу шарасы.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты — су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тұрғындарды қауіпті аймақтар туралы дер кезінде хабардар ету.
Мамандар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады: тек рұқсат етілген орындарда шомылу, тыйым салынған аумақтарға бармау, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және ескерту белгілеріне міндетті түрде назар аудару қажет.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау — адам өмірін сақтаудың басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1205687?lang=kk

Жауап қалдыру