Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және мектеп оқушылары, сондай-ақ орта арнаулы мекемелердің студенттері арасында ерте кәсіптік бағдар беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда түрлі іс-шаралар өткізіледі.
«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ауданның жергілікті атқарушы органдарының арасында алғашқылардың бірі болып Жітіқара политехникалық колледжінің 4 курс студенті, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан Кубжанов Гизат Амангельдиновичті практикаға және тағылымдамаға қабылдады. Гизат тағылымдамадан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінде өтуде. Мамандар бөлім қызметінің негізгі бағыттары туралы түсінік берді, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде кеңестердің қалай өткізілетінін көрнекі түрде көрсетті
Осындай іс-шаралардың мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызмет институтын дәріптеу, жастар арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1205639?lang=kk

Жауап қалдыру