Ақмола облысында жол қауіпсіздігін арттыруға арналған кеңейтілген кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ақмола облысында полиция департаментінің бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.

     Талқылауға өңірлік жол ұйымдарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшелері мен ауыл әкімдері бейнеконференция форматында қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы – апаттың себептері және оны азайту шаралары. Модератор полиция департаменті бастығының орынбасары Аслан Қызбикенов болды.

     Қазіргі ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаев баяндама жасады. Ол полиция жүргізетін жүйелі жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ жол қызметтері мен әкімдіктер тарапынан жоғары назар аударуды талап ететін бағыттарды белгіледі.

     Жыл басынан бері автокөлік жолдары мен теміржол өткелдеріне 880 зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде апатқа ықпал ететін көптеген фактор анықталды. Жол инфрақұрылымын тиісінше ұстамағаны үшін 106 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

     Апаттық-қауіпті учаскелерді жою бойынша жұмыстар жеке атап өтілді. Өткен жылы аймақта осындай 97 орын болған. Қабылданған шаралар аясында 4 мыңнан астам жол белгісі, 179 ақпараттық панно және 19 бағдаршам нысаны орнатылды. Нәтижесінде 14 қауіпті учаске толығымен жөнделді.

     Кеңеске қатысушылар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі – шұңқырларды жөндеу және жол белгілерін уақтылы қолдану мәселелерін талқылады.

     Ауылшаруашылық жануарларының жолға шығып кету мәселесіне ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері мал жаю ережелерін бұзған 610-нан астам мал иелері жауапкершілікке тартылды, бұл көбінесе ауыр апаттардың себебі болып отыр.

     Мопедтер мен электр скутерлерін басқаратын жол қозғалысына қатысушылардың санаты да назардан тыс қалмады. Полицейлер 170 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Ықтимал ЖКО-ның алдын алу мақсатында мамандандырылған тұрақтарға 51 мопед пен 30 скутер қойылды, оларды пайдалану ықтимал қауіп төндірді.

     Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма әзірленді. Аудан әкімдіктеріне қауіпсіз жол инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Жалға беру сервистерінің операторларына жылдамдық шектеулерінің сақталуын бақылауды күшейту, қосымша техникалық қауіпсіздік шараларын енгізу және пайдалану ережелері туралы хабардар ету ұсынылды.

     Қазіргі уақытта өңірде “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыруға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған мақсатты рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1205614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді