Құқықтық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 сәуірде Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі базасында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған студенттермен кездесу өтті.

Іс-шараны Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы ұйымдастырды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заманауи қауіптердің алдын алу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістер түсіндірілді. Адам құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытындағы қызметкерлер жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралу қаупі туралы ескертіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына, оның ішінде курьер ретінде қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті. Мұндай қылмыстар үшін 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Киберқылмысқа қарсы күрес саласының мамандары интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, жеке деректерді қорғау, банк карталарын қауіпсіз пайдалану және күмәнді сілтемелерден сақтану бойынша нақты ұсыныстар берді.

Ювеналды полиция қызметкерлері жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз әлеуметтік ортаны нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1205612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді