Облыстық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясының жергілікті көшбасшыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AMANAT» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары партияның Саяси менеджмент академиясы іске асырып жатқан Жергілікті көшбасшыларды даярлау бағдарламасы аясындағы оқуға белсенді қатысуда.

Аталған білім беру бастамасына қатысу депутаттық корпустың кәсіби құзыреттерін арттыруға, стратегиялық ойлауды дамыту мен мемлекеттік және жобалық басқарудың заманауи құралдарын игеруге бағытталған. Оқыту барысында тиімді бюджеттеу және салық салу, халықпен өзара іс-қимылды нығайту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласына цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Депутаттар алған білім қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, қызметтің нәтижелілігін күшейтуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерді неғұрлым тиімді іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1205597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді