Жамбыл облысында студенттерге есірткі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған фильмдер көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында студенттерге есірткі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған фильмдер көрсетілді

Заң мен тәртіп қағидаты аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастар арасында синтетикалық есірткі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының мамандары, студенттер мен оқытушылар қатысты.

Іс-шара барысында студенттерге «Некнижные закладки» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдері көрсетіліп, құқық бұзушылықтың салдары, есірткінің зияны және зорлық көрсетудің қоғамға кері әсері туралы түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері жастарға есірткінің қауіптілігі, оның таралу жолдары, заң алдындағы жауапкершілік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1205593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді