
Ынталы орта мектебінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстан кепілі» тақырыбында сурет байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады. Байқауға барлығы 20 оқушы белсенді қатысып, әрқайсысы өз туындылары арқылы қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын көркем түрде жеткізе білді. Қатысушылардың жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншілік, әділдік, жауапкершілік және қауіпсіз қоғам құндылықтары айқын көрініс тапты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтап, І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін марапаттады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңды сақтау – әр азаматтың міндеті екені кеңінен насихатталды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1205591?lang=kk

Жауап қалдыру