«Ең бастысы — байланыс орнатып, сенімге ие болу»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша елорданың 18 жастағы тұрғыны анықталды, ол болжам бойынша биіктіктен секіруге ниеттенген.
Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеді, психологтар тартылды. Аумақ полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Төменгі жақта құтқару үшін үрмелі жастық жайылды.
Жас жігітпен келіссөз жүргізуге елордалық полиция қызметкері — полиция майоры Ильдар Рамазанов тартылды. Ол 2009 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді және дағдарыстық жағдайларда, оның ішінде суицидтің алдын алу бағытында мол тәжірибеге ие. Оның айтуынша, келіссөздер шамамен бір жарым сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде жас жігіт бірнеше рет ойынан айнып, бірде төмен түсуге ниет білдірсе, бірде қайтадан бас тартқан.
«Мұндай жағдайларда ең бастысы — байланыс орнатып, сенімге ие болу», — деп атап өтті Ильдар Рамазанов.
Шешуші сәтте, жас жігіт төмен түсуге келісім берген кезде, полицей мүмкіндікті жібермей, жедел әрекет етіп, оны ұстап қалып, осылайша өмірін сақтап қалды.
Полиция қызметкерлері мен жедел қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында оқиға сәтті аяқталды. Жас жігіт мамандарға тапсырылып, қазіргі уақытта қауіпсіз жерде.
Полиция азаматтарды айналасына мұқият болуға, туыстары мен жақындарын қолдауға және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға бейжай қарамауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1205464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді