
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің 22.12.2025 жылғы №21-5-13/2144-И хатымен профилактикалық бақылау жүргізуінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерімен «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында қызметіне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Профилактикалық бақылау нәтижесімен мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз ету бойынша бір қатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы мерзімі белгіленген нұсқама берілді.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау барысында департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Д. Бектурсынов аталған мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1205436?lang=kk

Жауап қалдыру