Алға педагогі Президенттің Алғыс хатымен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Күй күмбірі» атты салтанатты кеш өтті — бұл іс-шара ұлттық өнер мен рухани құндылықтарға деген құрметтің символына айналды. Аталған шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтарды біріктіріп, жас ұрпақ арасында дәстүрлі күй өнерін дамыту мен насихаттауға үлес қосқан мамандарды бір арнаға тоғыстырды.
Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 20 сәуірде көпсалалы «Tanym» оқушылар сарайы базасында өтті. Республикалық акция аясында білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамытуға үлес қосқан 80 педагог марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, білім беру саласының өкілдері ордендермен, медальдармен және алғыс марапаттарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Актөбе облысынан, Алға қаласындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахметолла Атажанұлы да бар. Ол «Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Педагогты құттықтаймыз және алдағы кәсіби қызметіне сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1205789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді