Қазақстанда 29,5 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 29 531 нысаны толықтай бейімделді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Аманат» партиясының Жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100% бейімделуі тиіс.

Осы жылдың соңына дейін ел бойынша 34 349 нысанды бейімдеу жоспарланған. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша 29 531 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді, бұл жалпы санның 68%-ын құрайды. Оның ішінде 29 531 нысанның мүгедектігі бар барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімдісі:

– денсаулық сақтау нысандары – 4 807;

– білім беру нысандары – 9 366;

– мәдениет нысандары – 3 081;

– сауда және қызмет көрсету нысандары – 6 015;

– мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4 122;

– өзге де нысандар – 2 140.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, өңірлер бөлінісінде мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделген нысандар саны:

– Астана қаласында – 1 420 нысан;

– Алматы қаласында – 5 862 нысан;

– Шымкент қаласында – 1 562 нысан;

– Абай облысында – 913 нысан;

– Ақмола облысында – 1 279 нысан;

– Ақтөбе облысында – 898 нысан;

– Алматы облысында – 1 085 нысан;

– Атырау облысында – 1 529 нысан;

– Шығыс Қазақстан облысында – 1 245 нысан;

– Жамбыл облысында – 1 086 нысан;

– Жетісу облысында – 962 нысан;

– Батыс Қазақстан облысында – 1 373 нысан;

– Қарағанды облысында – 1 280 нысан;

– Қостанай облысында – 1 369 нысан;

– Қызылорда облысында – 1 682 нысан;

– Маңғыстау облысында – 1 037 нысан;

– Павлодар облысында – 1 173 нысан;

– Солтүстік Қазақстан облысында – 1 077 нысан;

– Түркістан облысында – 2 463 нысан;

– Ұлытау облысында – 236 нысан.

Қалаларда мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар кезең-кезеңімен қалыптастырылып келеді. Инфрақұрылым нысандары заманауи талаптарға сәйкес бейімделуде, ал кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер тұрғындардың өтініштерін ескеріп, кіреберіс топтары мен ішкі кеңістіктердің қолжетімділігін жақсартуда.

«Бұрын қалада қозғалу қиындау болатын, ал қазір жағдайдың жақсарып келе жатқаны байқалады. Көптеген ғимараттар ыңғайлы бола түсті, пандустар мен басқа да қажетті элементтер пайда болды. Әсіресе сауда орталықтарының қолжетімді бола бастағаны қуантады – мысалы, «Достык Плаза» СО-на кедергісіз кіріп, еркін қозғала аламын. Бұл біз үшін өте маңызды», – дейді I топтағы мүгедектігі бар алматылық Самал Окапова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1205415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді