Отбасы қолдау орталығы жастармен мазмұнды кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы институтын нығайту, жастар арасында ұлттық және адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында Отбасы қолдау орталығының ұйымдастыруымен жастармен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылармен ашық форматта еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, қоғам үшін өзекті бірқатар тақырыптар кеңінен қозғалды. Атап айтқанда, отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, жеке жауапкершілік, сондай-ақ салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шара барысында жастар өз ойларын ашық айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Өз кезегінде орталық мамандары жастарға бағыт-бағдар беріп, отбасылық өмірдің маңыздылығы мен тұрақтылығын сақтаудағы негізгі қағидаларды түсіндірді.

Осындай кездесулер жас буынның саналы, жауапты әрі рухани тұрғыдан кемел тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Жастардың отбасыға деген көзқарасын қалыптастыру – қоғамның берік іргетасын қалаудың маңызды алғышарты.

Айта кету керек, Отбасы қолдау орталығы алдағы уақытта да жастармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Отбасы – бақыттың бастауы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1205387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді